Дәрігерлер елорда тұрғындарын кене шаққан жағдайда өздігінен емделмей, бірден медициналық көмекке жүгінуге шақырды.
Күн жылынғалы бері елордада кене шаққан адамдар саны көбейіп келеді. Дәрігерлер тұрғындарға дер кезінде медициналық көмекке жүгінудің маңызын ескертіп, қауіптің алдын алу жолдарын түсіндірді.
Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, кене шаққан жағдайда уақыт жоғалтпай дәрігер қарауына барған дұрыс.
Қайда жүгінуге болады?
Ересектерге медициналық көмек мына травматологиялық пункттерде көрсетіледі:
– Р. Қошқарбаев даңғылы, 66 – №1 көпбейінді қалалық аурухана;
– Ә. Молдағұлова көшесі, 26Б – №3 көпбейінді қалалық аурухана.
Балаларды:
– Р. Қошқарбаев даңғылы, 64 мекенжайындағы №2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы қабылдайды.
Бұдан бөлек, тұрғындар:
– А1 көшесінде орналасқан қалалық инфекциялық орталыққа;
– Тұрар Рысқұлов көшесі, 12 мекенжайындағы №3 көпбейінді қалалық балалар ауруханасына жүгіне алады.
Дәрігерлер кенені өз бетімен жұлып алуға кеңес бермейді.
Кенені дұрыс алмай, денесін зақымдап алу қаупі бар. Мұндай жағдайда бас бөлігі тері астында қалып, инфекция туындауы мүмкін, – дейді мамандар.
Медицина қызметкерлері қарапайым сақтық шараларын ұстануға шақырады: