Астанада KazAgro/KazFarm-2024 көрмесі өтіп жатыр

Елордада «KazAgro/KazFarm-2024» Халықаралық ауылшаруашылық көрмесі 22-24 қазан күндері өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Іс-шараға 20 елден 250 агроөнеркәсіп компаниялары жиналған. Германия ТМД-да алғаш рет серіктес мемлекет ретінде қатысып, 40 неміс компаниясы инновациялық өнімдерін таныстырды.

Көрме ауыл шаруашылығы саласының екі негізгі өсімдік және мал шаруашылығына бағытталған.

KazAgro - өсімдік шаруашылығы бөлімінде аграршыларға әлемдегі ең озық және жоғары сапалы техниканың ассортименті ұсынылған. Көрме тұқым таңдаудан бастап өңдеу технологиясына дейінгі бүкіл өндіріс процесін қамтиды.

Екіншісі, KazFarm - бұл мал шаруашылығына арналған, түрлі технологияларды көрсететін экспозиция. Мұнда мал шаруашылығымен айналысатын шаруалар бордақылау алаңдары мен сүт-тауар фермаларына арналған өнімдердің толық циклімен таныса алады.

Бұл көрме бізге ауыл шаруашылығын дамытуға өзіндік септігін тигізеді. Себебі біз осы көрмелерде жаңа технологиялармен, өндіріспен танысып, тәжірибе жинаймыз. Еліміз Орталық Азияда ауыл шаруашылығында көшбасшы болып тұр. Бүгінгі таңда ауыл шаруашылығында 20 млрд долларға өнім өндіреміз. Қайта өңдеу кәсібі бойынша 6 млрд долларға өнім шығарып жатырмыз. Өзімізді азық-түлікпен қамтамасыз етіп отырмыз. Осының барлығы ауыл шарушалығының дамып келе жатқанын көрсетеді,- деді ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин.

Айта кетейік, KazAgro/ KazFarm басты ауылшаруашылық көрмелері 15 жылдан бері ТМД-дағы ең ірі көрмелердің бірі. Іс-шара жұмыс істеген жылдары халықаралық деңгейде танылып, әлемдік көрмелер тізіміне енгізілген.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов
Өзгелердің жаңалығы