Астанада кәріз желісінің салынуына байланысты екі көшенің қиылысы жабылады

Елордада тұрмыстық кәріздің магистральдық желілерін салу жөніндегі жұмыстардың басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Астана қаласының Отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Астана қаласының ПД әкімшілік полиция басқармасымен келіскендігін жазды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Осыған байланысты 24 тамыздан бастап 10 қазанға дейін «Дива» тұрғын үй кешені ауданындағы Әйтеке би көшесі мен Қ.Мұхамедханов көшесінің қиылысында көлік қозғалыс кезең-кезеңімен шектелетін болады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты
Өзгелердің жаңалығы