Астанада кафе өртенді

Астананың сол жағалауында орналасқан кафелердің бірінен өрт шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметіне сүйенсек, тілсіз жау 7 мамыр күні кешкісін Мәңгілік Ел даңғылының бойында орналасқан ғимаратта болған.

Өрт сағат 21:00-де толығымен сөндірілгені айтылды.

Барлау түтінді бөлмеде жүргізілді. Құрбандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ, - делінген ведомство ақпаратында.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: видеодан кадр
Өзгелердің жаңалығы