Астанада IBO-2024 олимпиадасы өтеді

7-14 шілдеде Астанада 35-ші Халықаралық биологиядан олимпиада (IBO) өтеді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитетінің төрағасы Жұмашев Қаныбек айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Үкіметтің қолдауымен және Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен биылғы жылы 7-14 шілдеде Астана қаласында 35-ші Халықаралық биологиядан олимпиада (IBO) өтеді.

Олимпиада Назарбаев университетінің базасында ұйымдастырылады. Оған әлемнің 80-нен астам елінен 350-ге жуық оқушы қатысады деп күтіліп отыр. Қазақстанның мұндай беделді олимпиаданы өткізу орны ретінде таңдалуы кездейсоқ емес. Бұған қазақстандық оқушылардың халықаралық білім сайыстарында жоғары нәтиже көрсетуінің арқасында еліміздің зор беделге ие болуы себеп болды, - деді комитет басшысы.

Қазақстан құрама командасы IBO-ға 1996 жылдан бастап қатысып келеді. Олимпиадаға қатысқан жылдары еліміздің құрама командасы 2 алтын, 20 күміс, 54 қола медаль жеңіп алды. Бұл өте жақсы көрсеткіш болып саналады.

Биылғы олимпиадада 40-қа жуық жүлделі орындар додаға салынады.

Бұған дейін Халықаралық ұйымдастыру комитеті олимпиаданы өткізуге дайындық барысымен арнайы келіп танысып, Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевпен кездескен болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы