Астанада халықаралық Қарттар күніне арналған ерекше экскурсия өтті
Астанада Алматы ауданы әкімдігі аппаратының ұйымдастыруымен ауданның белсенді зейнеткерлері ҚР Ұлттық музейіне экскурсия жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Іс-шараға 30-дан астам қарттар қатысып, тарихымызды айшықтайтын құнды жәдігерлермен танысты. Экскурсия барысында қонақтар музейдің басты қазынасы – «Алтын адамды», этнографиялық залдағы қазақ халқының тұрмысына қатысты көне бұйымдарды, сондай-ақ Тәуелсіздік тарихына арналған арнайы экспозицияны тамашалады.
Зейнеткерлер ерекше әсерге бөленіп, өткеніміз бен бүгінімізді байланыстыратын тарихи жәдігерлерге қызығушылық танытты. Ардагерлердің қуанышты жүзі мен алғысқа толы сөздері шараның көркін арттырып, аға буынға деген құрметті тағы да паш етті.
Бұл мерекелік сәт қарттарымыздың жүрегінде ұмытылмас естелік болып қалды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Таразда газ қондырғысы орнатылған автокөліктегі өрт сөндірілді
Келесі жаңалық
Президент: Сырттан келетін өнімге тым тәуелдіміз
Өзгелердің жаңалығы