Астанада халықаралық "Digital Almaty-2024" форумы өтеді

Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ақпараттық технологиялар саласын дамыту департаментінің директоры Ерсұлтан Ерманов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ. тілшісі.

2024 жылдың 1-3 ақпан аралығында “Digital Almaty-2024” жыл сайынғы  цифрлық форумы өтеді.  Дәстүрлі түрде өткізілетін форум биыл 6 рет елімізге өткізілмек. Оған Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы елдердің үкімет басшылары қатыспақ. 

Өткен жылы аталмыш форумда мемлекет басқару, білім бері, IT-саланы дамыту, цифрлы майнинг, корпоративтік инновациялар мәселелерін талқылаған еді.Және оған 150- ден астам спикер қатысқан болатын. Сондай-ақ өткен форум технологиялық марафон шеңберінде 7 келісімшартты сәтті жасасуға мүмкіндік берді және бұл тұрғыдан шетелдік компаниялармен бірнеше келіссөздер жүргізілді, - деп атап өтті ол.

Сондай-ақ форумға қатысуға Иран, Индия, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Қытау, Беларусь мемлекетінен өтініш келіп түскен. Бұл елдерден келген өкілдер көптеген мәселелерді шешуге жол ашады деп атап кетті ол.

Форумға халықаралық сарапшылар, сала көшбасшылары, IT және бизнес саласындағы жетекші инноваторлар қатарынан 200-ден аса спикер қатысады дейді ұйымдастыру комитетінің жетекшісі Адия Ахметова.

Биыл “Digital Almaty” VI форумы өнеркәсіптегі цифрлық трансформация, GovTech, 4.0 индустриясы, ESG, Smart City және басқа да салалардағы инновациялық шешімдерді ұсынатын ауқымды іскерлік бағдарламаны ұсынбақ. Үш күндік цифрлық іс-шараға 30 мыңнан астам адам қатыспақ. Сондай-ақ форумда жалпы жүлде қоры 150 000 $-ды құрайтын «Industry 4.0 Startup Battle» үздік өнеркәсіптік стартапты анықтайтын ауқымды сайыс жоспарланған.Оның мақсаты - өнеркәсіпті цифрландыру саласындағы инновациялық стартаптарды қолдау. “Industry 4.0 Startup Battle” ұтымды идеялар мен шешімдердің, технологиялық инновациялардың шыңы болмақ, - деді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Орталық коммуникациялар қызметі
Өзгелердің жаңалығы