Астанада халық жасағы құрылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада 500 адамнан құралған «Халық сақшылары» деп аталатын жасақ құрылды, деп хабарлайды Хабар 24. 

Оның құрамына қала тұрғындары мен белсенділер, танымал спортшылар, мұғалімдер, дәрігерлер және кәсіпкерлер мен еріктілер кірді. 

Жасаққа мүше болғысы келетін ел азаматтарының саны сағат санап артып жатыр. Олар елордада тәртіпсіздік пен заңсыздықтарға жол бермес үшін күш құрылымдарына қолғабыс етеді. 

Ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз.Біз тәртіп сақшыларын қорғауға, елімізді жерімізді қорғауға осындай  басқосуға бәрімізді шақырамын! Біз біргеміз! - дейді дәрігерлер арасында футболдан әлем чемпионы Азамат Ерқасымов.

Мемлекеттік маңызды нысандар мен қаланың тыныс-тіршілігіне жауапты кәсіпорындарды күзетеді. Осылайша ұлтжанды азаматтар елдегі тыныштықты сақтап, қаланы қорғауға атсалысуды көздеп отыр. 

Ассалаумағалейкум қазақ елі, бауырлар, ағайындар! Баршаларыңыз көріп жатырсыздар елімізде не болып жатқанын. Бүгінгі біздің жиналған мақсатымыз қазақтың бауырлары, батырлары бәріміз бірігіп елімізді қорғау - дейді  Ат спорты федерациясының президенті Әлібек Мұқатаев.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы