8 Қазан 2024 2024, 05:16 Фото: Астана қаласының әкімдігі

Астанада грэпплингтен әлем чемпионатын ұйымдастыру мәселесі талқыланды

Астанада өткен конференцияда грэпплингтен әлем чемпионатын өткізу мәселесі талқыланды, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

Астанада өткен конференцияда грэпплингтен әлем чемпионатын өткізу мәселесі талқыланды, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, турнир Астанада 7-12 қазан аралығында өтеді.

United World Wrestling Техникалық Делегаты Антонио Родригес Маналистің, Дүниежүзілік грэпплинг комитетінің мүшесі Қанат Алиннің, сондай-ақ жарыстың бас төрешісінің жетекшілігімен конференция өтті. Әлем чемпионатын өткізудің ұйымдастырушылық сәттерін, спортшыларды орналастыру мен тамақтандыруға байланысты мәселелерді талқылады. Сондай-ақ, күн тәртібінде грэпплинг бойынша халықаралық ережелерді өзгерту тақырыбы болды, – деді  Грэпплинг Қауымдастығының президенті Қанат Алин.

Естеріңізге сала кетейік, жарыс бүгін, 7 қазанда басталып, Ж.Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында 12 қазанға дейін жалғасады. Чемпионат барлық жас топтары – U15, U17, U20, ересектер мен ардагерлер арасында Grappling және Grappling Gi бойынша өтеді. Турнирге әлемнің 30-дан астам елінен 1800-ге жуық спортшы қатысады.