18 Қараша 2026, 03:40 Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Астанада газбен жүретін автокөлік өртенді

Тағы екі көлік зақымданды.

Астананың Есіл ауданындағы Мәңгілік Ел даңғылында орналасқан автотұрақта газбаллон жабдығымен жабдықталған жеңіл автокөлік өртенді.

Жоғары температураның әсерінен оқиға орнында тұрған тағы екі көлік зақымданған.

Өрт сөндірушілердің жедел әрекетінің арқасында жалын қысқа мерзімде сөндірілді. Мамандар газбаллон жабдығының жарылуына жол бермеді.

Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.