Астанада газ уақытша өшіріледі: Тұрғындарға маңызды ескерту жасалды
Газды уақытша жаппаған жағдайда есептегіштер істен шығуы мүмкін.
Астана тұрғындарына есептегіштер мен газ жабдықтарының бұзылып қалмауы үшін жоспарлы жұмыстарға байланысты газ крандарын жабу ұсынылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
30 наурыз күні елордада жаңадан салынған газ құбырларын қолданыстағы желілерге қосу жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты қала әкімдігінің мониторинг және жедел әрекет ету орталығы бірқатар көшелердің тұрғындарына алдын ала сыртқы авариялық газ крандарын жабуды ескертті.
Ведомствоның мәліметінше, бұл шара газ есептегіштері мен басқа да жабдықтардың зақымдану қаупін азайту үшін қажет.
«Үйге кіреберісте, сыртта орналасқан авариялық газ крандарын жабуды сұраймыз. Жұмыстар аяқталғаннан кейін абоненттерге газ берудің қайта қосылғаны туралы хабарлама жіберіледі», – делінген хабарламада.
Жұмыстар 30 наурыз күні сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін жүргізіледі. Олар келесі көшелерді қамтиды:
- Басықара батыр
- Нұрбесік
- Бақтыбай Ақын
- Құлтума Ақын
- Танжарық
- Жолдыұлы
- Базарлық
- Ақтолқын
- Бастаңғы
- Сұлама орамы
- Ізенді орамы
- Болашақ
Сондай-ақ тұрғындарға жұмыстар толық аяқталғанға дейін сыртқы газ крандарын өз бетінше ашпау керектігі ескертілді. Бұл газ есептегіштері мен жабдықтардың бұзылуына әкелуі мүмкін.
Барлық сұрақтар бойынша «Qazaqgaz Aimaq» АҚ-ның авариялық-диспетчерлік қызметіне хабарласуға болады: 8 (7172) 55-89-76; 8 (705) 597-02-04 (WhatsApp).