Астанада фитнес-клуб өртенді

Астанада 19 наурыз күні таңертең танымал фитнес-клубтардың бірінде өрт болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

19 наурыз күні сағат 08-50-де Астана қаласы ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері Байтұрсынов көшесі 9 мекен-жайына шықты.

Өрт сөндірушілер барғаннан кейін 20 шаршы метр аумақта фитнес-клубтың бу бөлмесінің ағаш қаптамасының өртеніп жатқаны анықталды. Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін 40-қа жуық келуші өздері шыққан, - делінген ТЖМ таратқан хабарламада.

Сағат 09.26-да өрт сөндірілді. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Ғазиз ШАКИРОВ - архив
Өзгелердің жаңалығы