Астанада Еуропалық фильмдер фестивалі өтеді
Қазақстандағы Еуропалық одақтың өкілдігі 4-12 қараша аралығында Астанада кинофестиваль ұйымдастырады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
KINOPARK 8 Сарыарқа кинотеатрында өтетін шараның бағдарламасына Еуроодақ мемлекеттерінің режиссерлері түсірген 9 үздік фильм енген. Олар беделді халықаралық кинофестивальдердің жеңімпаздары мен номинанттары болып табылады, көпшілігі бірлескен туындылар.
Мысалы, фестивальді ашатын «Моленбик құдайлары» фильмі – Финляндия, Бельгия, Германияның туындысы – нәзік әлемнен мән іздейді, балалық пен сенім күші туралы баяндайды. Биыл Қазақстанда балалар жылы деп жариялануына байланысты іс-шара осы туындымен ашылмақ.
4 қарашада сағат 19.00-де фестивальді Еуроодақтың Қазақстандағы Елшісі Кесттутис Янкаускас пен Бельгияның Қазақстандағы Елшісі Анри Вантигем ашады. Шара басырысндағы фильмдердің дені адамдар, олардың күнделікті уайымдары, ойлары, армандары, орындалмаған үміттері және әлемдік тәртіптің заңдылықтары туралы.
7 қарашада Греция, Франция, Сербия шығарған «Оның жұмысы» («Her Job») фильмі көрсетіледі, Панайота картинасының кейіпкері отбасымен тыныш өмір сүреді, күнделікті өмірдің тәртібіне бағынады, қиын қаржылық жағдаймен күреседі, армандайды. Онда өмірін өзгертуге күш табатын әйелдердің ұжымдық бейнесі де бар. Фильм қиын өмірлік жағдайға тап болған әйел мәселесін қозғайтындықтан, ол осы айда өтетін гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенділікке орайластырылған. Фильм соңы гендерлік зорлық-зомбылыққа қатысты тақырыптарды талқылауға ұласады. Бұл пікірталасқа осы фильмнің режиссері Никос Лабот да онлайн режимде қатысады.