Астанада ескі теміржол вокзалы уақытша жабылады
Астана, baq.kz. 2019 жылдың 24 қаңтары күні сағат 00:00-ден бастап 18:00-ге дейін Астана-1 станциясында жолаушылар пойызының қозғалысына шектеу қойылады. Барлық пойыз «Астана-Нұрлы жол» теміржол вокзалы арқылы қатынайды.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ мәліметінше, осыған байланысты 36 жолаушылар және қалааралық пойыздың жүру кестесіне түзетулер енгізілген. Олар мына бағытта қатынайтын пойыздар:
1 №76 Петропавл - Қызылорда 19 №83 Қарағанды - Мәскеу
2 №363/364 Қарағанды - Томск-2 20 №307 Жезқазған - Астана-1
3 №328 Қостанай - Қарағанды 21 №308 Астана-1 - Жезқазған
4 №312 Астана-1 - Семей 22 №95 Астана НЖ - Орал
5 №7507 Астана НЖ - Көкшетау 23 №9 Алматы-1 - Астана НЖ
6 №604 Арқалық - Астана НЖ 24 №6857 Қарағанды - Астана-1
7 №55 Қызылорда - Көкшетау 25 №6858 Астана-1 - Қарағанды
8 №153 Семей - Астана НЖ 26 №146 Омбы - Қарағанды
9 №86 Астана-1 - Сарыағаш 27 №58 Орал - Астана НЖ
10 №3 Алматы-2 - Астана НЖ 28 №154 Астана НЖ - Семей
11 №711 Шымкент - Астана НЖ 29 №7501 Павлодар - Астана-1
12 №6829 Ерейментау - Көкшетау 30 №7502 Астана-1 - Павлодар
13 №705 Алматы-2 - Петропавл 31 №39 Астана НЖ - Челябі
14 №673 Павлодар - Астана НЖ 32 №38 Маңғыстау - Астана НЖ
15 №6803 Астана - Атбасар 33 №327 Қарағанды - Костанай
16 № 16 Петропавл - Алматы-2 34 №4 Астана НЖ - Алматы-2
17 №44 Қостанай - Алматы-1 35 №43 Алматы-1 - Қостанай
18 №40 Челябі - Астана НЖ 36 №316 Қазан - Ташкент
«Жоғарыда аталған шара Астана-1 станциясы жолдары мен нысандарын күрделі жөндеу кестесіне сәйкес жоспарлы жұмыстардың жүргізілуімен байланысты», - деп атап өтті компания.