Астанада есірткі саудасының арнасы әшкереленді
Астанада жүргізілген жедел іс-шаралар барысында көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылған шетел азаматы ұсталды. Тінту кезінде одан өзіне тән иісі бар, өсімдік тектес зат салынған қағаз қорап табылып, оның гашиш екені анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Астанада жүргізілген жедел іс-шаралар барысында көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылған шетел азаматы ұсталды. Тінту кезінде одан өзіне тән иісі бар, өсімдік тектес зат салынған қағаз қорап табылып, оның гашиш екені анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, есірткі заты тәркіленіп, күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Одан әрі жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде тәркіленген есірткіні сатуға қатысы бар тұлға анықталды. Оның 57 жастағы жүк тасымалдаушы болып жұмыс істейтін елорда тұрғыны екені белгілі болды. Тұрғылықты жері бойынша жүргізілген тінту кезінде шамамен 6 келі гашиш табылды. Сатуға дайындап қойған 10 қаптама есірткі заты мен 110 қағаз орам, сондай-ақ өлшеуге және буып-түюге арналған таразы мен құралдар тәркіленді. Ер адам есірткі заттарын таныстары арқылы орамдарды сатып алушыларға қолма-қол беріп отырған. Барлық тәркіленген зат айғақ ретінде алынды, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Күдіктілерге қатысты қылмыстық іс қозғалды, – делінген полиция хабарламасында.
Полиция есірткі заттарын сақтау, сату және тарату үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертеді.
- Қосшыда жаңа мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі салынып жатыр 21:50
- «8 минуттық оқу»: Елорда мектептерінде жаңа жоба басталды 21:19
- Шошқа бүйрегі адамға 271 күн қызмет етті: Трансплантация тарихындағы ерекше жағдай 20:57
- Өзбекстанда 2026 жылдың басынан бері такси нарығы қалай өзгерді? 20:40
- Алматыда тау бөктерінде әл-Фараби даңғылы маңында өрт шықты 20:20
- Қазақстан Көшпенділер ойындарында топ жарды: 55 медаль жеңіп алды 20:11
- Вэнс Иранға қарсы АҚШ-қа көмектесіп жатқан елдерді атап, күтпеген мәлімдеме жасады: Тізімде кімдер бар? 19:57