16 Қараша 2026, 00:58 Фото: Скриншот

Астанада Есіл өзеніне секірген қыз құтқарылды

Құтқарылған қыз жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды.

Астананың Сарыарқа ауданында, Ш. Бейсекова көшесіндегі көпір маңында 2006 жылы туған қыз Есіл өзеніне секірген.

Оқиға орнына жедел жеткен Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары жүзу құралының көмегімен қызға жетіп, оны судан шығарып, жағаға жеткізді.

Құтқарылған қыз жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды.

ТЖМ азаматтарды өз өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмеуге шақырады және төтенше жағдай туындаған кезде 112 нөміріне хабарласу қажеттігін ескертеді.