Астанада Есіл өзеніне секірген әйел аман қалды
Астанада құтқарушылар Есіл өзеніне секірген әйелді аман алып қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға бүгін, 2 маусымда Астана қаласының Байқоңыр ауданында орын алды. "Қараөткел" көпірінен 1995 жылы туған әйел Есіл өзеніне секірді. Оқиға күндізгі уақытта болған. Куәгерлер бұл жағдайды байқап, жедел түрде құтқару қызметіне хабарлаған.
Төтенше жағдайлар министрлігінің (ТЖМ) патрульде жүрген құтқарушылары дереу оқиға орнына жетіп, әйелді судан шығарып алды. Оған алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, кейін жедел жәрдем бригадасына тапсырылып, ауруханаға жеткізілді.
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
ҚР ТЖМ азаматтарды өмірлік қиын жағдайларда дер кезінде психолог мамандарға жүгінуге шақырады және оқиғаға бейжай қарамай, хабар берген куәгерлерге алғыс білдіреді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қытай АҚШ-ты сауда келісімдерін бұзды деп айыптады
Өзгелердің жаңалығы