Астанада ерекше балаларға арналған жаңажылдық концерт өтті

Мерекеге қатысқан балалар ертегі тамашалап, өз өнерлерін көрсетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бүгін Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрында «Қош келдің Жаңа жыл» мерекелік концерті өтті, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің сайты.

Мерекелік іс-шараға мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған және әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасылары қатысты.

Жаңа жыл қарсаңында біздің орталық ерекше қажеттілігі бар балаларды жаңа жылдық «Арыстан патша» спектаклін тамашалауға шақырды. Орталықтың қызметін пайдаланатын 620-дан астам бала туғандарымен бірге бүгінгі шараға қатысты. Мұндай мейрамды біз жыл сайын өткіземіз, - деді Астана қаласы әкімдігінің «Жансая» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының жетекшісі Айгүл Бейсенова.

Ертегілік спектакльден кейін балалар өз өнерлерін көрсетіп, ән айтып, би биледі.

Мен бұл концертте Қуандық Рақымның «Қазақтың ұлымын» әнін орындадым. Мен бұл композицияны өзім таңдап, көп уақыт дайындалдым, - деді мерекеге қатысқан балалардың бірі Саян Тұңғышев.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: gov.kz
Өзгелердің жаңалығы