Астанада ер адамның үстіне шатырдан қалың қар құлады
Астанада ер адамның үстіне шатырдан қалың қар құлады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Әлеуметтік желіде оқиғаның видеосы тарады. Қар ер адамның үстіне сауда үйлерінің бірінің жанынан өтіп бара жатқан кезде шатырдан құлаған.
Полиция тексеріс бастады. Зардап шеккен ер адам ауруханаға жеткізілген.
Аталған факті бойынша “Нұра” ауданы полиция басқармасымен тексеру жүргізілуде. Зардап шеккен адам ауруханаға жатқызылды. Сауда орталығының әкімшілігіне қатысты қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қабылданады, - деп хабарлады Астана қаласының ПД баспасөз қызметі.
Еске салайық, бұған дейін синоптиктер ақпан айында күн қандай болатынын жариялаған еді.
Сондықтан жылы күндері далада ғимараттардың жанынан өткенде барынша сақ болу керек екенін есте сақтаңыз.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Экс-судья Сайлыбаеваның өліміне қатысты тың ақпарат шақты
Өзгелердің жаңалығы