Кеше 2026, 18:18
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
Астанада ер адам көпірден секірмек болды
Елордалық көпірде қайғылы жағдайдың алды алынды.
Астанада ер адам көпірден секірмек болды. ТЖМ қызметкерлері оны құтқарып қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
ТЖМ елордалық көпірде болған қайғылы жағдайдың алдын алды.
Белгілі болғандай, «112» пультіне Қараөткел көпірінде тұрған ер адамнан қоңырау түскен. Ол өмірімен қоштаспақ ниетте екенін хабарлаған.
Құтқару қызметінің диспетчері кәсібилік пен ұстамдылық танытып, шұғыл қызметтер жеткенше ер адаммен үздіксіз сөйлесіп, оны қатерлі қадамнан тежеп тұрды. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар жағдайды дереу бағамдап, альпинистік жабдықтардың көмегімен 1993 жылы туған ер адамды көпір конструкцияларынан қауіпсіз жерге түсірді, - деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.