10 Қараша 2026, 07:12 Фото: BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

Астанада емхана аумағында балағат сөз айтқан әйелге айыппұл салынды

Аталған дерек бойынша оған қатысты ұсақ бұзақылық фактісімен әкімшілік іс қозғалды.

Threads әлеуметтік желісіндегі мониторинг барысында елордалық емханалардың бірінің аумағында қоғамдық орында балағат сөз айтқан әйелдің видеосы анықталды.

Тексеру нәтижесінде оның 56 жастағы Астана тұрғыны екені белгілі болды. Аталған дерек бойынша оған қатысты ұсақ бұзақылық фактісімен әкімшілік іс қозғалды.

Сот шешімімен әйелге айыппұл түрінде әкімшілік жаза тағайындалды.

Полиция тұрғындарды қоғамдық тәртіпті сақтап, айналасындағыларға құрметпен қарауға шақырды.