Бүгiн 2026, 06:35 Фото: freepik

Астанада екі жасөспірім лифт ішінде қалып қойған

Құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында олар жабық кеңістікте ұзақ болған жоқ.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі құтқарушылары елордада лифт ішінде қалып қойған екі қызға көмек көрсетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«112» қызметіне Сарыарқа ауданындағы Боталы көшесінде орналасқан тұрғын үй кешендерінің бірінде 2009 жылы туған екі жасөспірімнің бұзылған лифт ішінде қалғаны туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына жедел-құтқару жасағы жетіп, арнайы лифт кілтінің көмегімен есікті ашты. Қыздар аман-есен эвакуацияланды. Құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында олар жабық кеңістікте ұзақ болмаған, медициналық көмек қажет етілмеді.

ТЖМ лифттегі қауіпсіздік ережелерін еске салды:

  • Үрейге бой алдырмау – кабинада оттегі жеткілікті және лифт құлап кетпейді;
  • Диспетчермен байланысу – шақыру түймесін басу немесе «112» нөміріне қоңырау шалу;
  • Есікті өз бетімен ашуға әрекет жасамау – бұл қауіпті;
  • Көмек келгенше кабинаның ішінде секірмеу және лифтті теңселтпеу.

Ведомство тұрғындарды қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырады.