Астанада екі көшені жалғайтын жолға жөндеу жүргізіледі

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы "Астана Арена" стадионының ауданында Қабанбай батыр даңғылы мен Тұран даңғылын жалғайтын жергілікті жол жүрісіне орташа жөндеу жүргізеді, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

Осыған байланысты 16-19 шілде күндері жоғарыда аталған учаске толығымен жабылады. Бұл ретте Қабанбай батыр және Тұран даңғылдары ашық болады, көлік қозғалысы іргелес көшелерде жүзеге асырылады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: gov.kz
Өзгелердің жаңалығы