Астанада екі көше жөндеуге жабылады

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы А.Бараев және Ш.Уәлиханов көшелерінің қиылысында жол төсеміне жөндеу жүргізілетінін мәлімдейді, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Осыған байланысты 21-22 қыркүйек аралығында жоғарыда аталған учаске ішінара жабылады. Бұл ретте көлік қозғалысы бір жағымен екі бағытта ұйымдастырылатын болады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы