Астанада екі көше жөндеуге жабылады
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Сарыарқа даңғылы мен Бөгенбай батыр даңғылының қиылысында жол төсемінің жоғарғы қабатын төсеу бойынша жұмыс жүргізеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы елорда әкімдігі мәлім етті.
Жөндеу жұмысына байланысты, осы жылдың 28-30 маусым аралығында жоғарыда аталған қиылыс ішінара жабылады.
Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Мерей Мәулітханов жастар арасында Азия чемпионы атанды
Өзгелердің жаңалығы