Астанада екі көше уақытша жабылады

Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Е. Брусиловский мен Г. Титов көшелеріндегі жол төсемін орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты Е. Брусиловский көшесінің Кенесары көшесінен А. Иманов көшесіне дейінгі учаскесінде 5-6 мамыр аралығында қозғалыс ішінара жабылатын болады.

Сондай-ақ Алмалық көшесінен Ардагерлер көшесіне дейінгі учаскеде Г.Титов көшесіндегі жол жабынына жөндеу жүргізу жоспарлануда.

Осыған байланысты 5-6 мамыр аралығында автокөлік құралдарының қозғалысы толығымен жабылады.

Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: gov.kz
Өзгелердің жаңалығы