Астанада екі көше қиылысында жөндеу жүргізіледі

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Мәңгілік Ел даңғылы мен Сығанақ көшесінің қиылысындағы жол айырығында жол төсеміне орташа жөндеу жүргізеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Елорда әкімдігінің мәліметінше, осыған байланысты биыл 11-14 шілде аралығында Сығанақ көшесі бағытындағы Мәңгілік Ел даңғылынан оң жақ съезі және Сығанақ көшесінен Мәңгілік Ел даңғылына оң жақ съезі толығымен жабылатын болады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс болдырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы