Астанада екі автобустың бағыты өзгереді

Астанада №22, 22А бағдарларының қозғалыс сызбасына ішінара өзгеріс енгізіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қоғамдық көлікпен қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында, 29 наурыздан бастап №22, 22А бағдарларының қозғалыс сызбасы ішінара өзгереді. Енді бағдар Горький көшесіндегі «№ 29 орта мектеп» аялдамасына екі бағытта да кіріп жүретін болады, – делінген «City Transportation Systems» ЖШС хабарламасында.

Өзгерген қозғалыс сызбасымен төмендегі суреттерден қарап танысуға болады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы