Астанада екі автобус соқтығысып, бір адам қаза тапты
Астанада екі автобус соқтығысып, біреуінің жүргізушісі қаза тапты. Жол апаты Рақымжан Қошқарбаев көшесінде болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Алдын ала мәлімет бойынша, шағын автобустың жүргізушісі рөлге ие бола алмай, тоқтап тұрған қоғамдық көлікке соғылған. Шағын автобустың жүргізушісі сол жерде көз жұмды. Зардап шеккен 2 жолаушы ауруханаға жеткізілген.
Бір науқастың жағдайы тұрақты. Әрі қарай амбулаториялық емге жіберілді. Екінші науқас политравма бөліміне жатқызылды. Қазіргі таңда жағдайы орташа. Емін қабылдап жатыр. Әрі қарай ауруханада бақылану керек, – деді №1 көпбейінді қалалық аурухана директорының емдеу-алдын алу жұмыстары жөніндегі орынбасары Бауыржан Ешмұратов.
Қалалық полиция департаменті жол көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Қазіргі уақытта болған оқиғаның мән-жайы анықталып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ертең бірқатар өңірде боран, көктайғақ пен тұман күтіледі
Келесі жаңалық
6 желтоқсанға арналған валюта бағамы жарияланды
Өзгелердің жаңалығы