13 Қыркүйек 2026, 13:34
Фото: CTS
Астанада екі автобус аялдамасы уақытша жабылды
Елорда тұрғындары мен қонақтарына енгізілген шектеулерді ескеріп, бағыттарын алдын ала жоспарлау ұсынылады.
Астанада «Қарталы» және «Ақан Сері» аялдамаларында жолаушыларды отырғызу және түсіру уақытша тоқтатылды.
Қалалық қызметтердің мәліметінше, аялдамаларға автобустардың кіріп-шығуы мүмкін болмағандықтан, аталған аялдамаларда жолаушыларды отырғызу және түсіру уақытша жүзеге асырылмайды.
Елорда тұрғындары мен қонақтарына енгізілген шектеулерді ескеріп, бағыттарын алдын ала жоспарлау ұсынылады.