Астанада Е67 көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады
Елордада Е67 көшесінде жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты жолдың бір бөлігі уақытша жабылады, деп хабарлайды BAQ.KZ Астана әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әкімдіктің мәліметінше, жұмыстар «Төле би, Е67, Е69 көшелерінің квадратында көшелер салу» жобасы аясында атқарылуда. Екінші кезеңде Төле би көшесінен А.Бектұров көшесіне дейінгі учаскеде Е67 және Е68 көшелері толықтай жөнделмек.
Осыған байланысты 2 қыркүйектен бастап аталған аралықта көлік қозғалысы толық шектеледі.
Қала тұрғындары мен қонақтарынан кептеліс тудырмау үшін бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Уақытша қолайсыздық үшін кешірім өтінеміз, – делінген әкімдік хабарламасында.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы