Астанада дұрыс тамақтану тақырыбында отбасылық аспаздық мереке өтті
Астанада алғашқы отбасылық аспаздық баттл өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл мереке астаналық отбасыларды дұрыс тамақтану, отбасылық дәстүрлер және шығармашылыққа баулу идеяларымен біріктірді. Іс-шара Қазақстанда жүзеге асырып жатқан "Салауатты тамақтану мектебі" бағдарламасының бір бөлігі болды.
Сайысқа 2024 жылдың желтоқсан айында басталған "Салауатты және бақытты балаларды тәрбиелейміз" атты фотобайқаудың жеңімпаз-отбасылар қатысты.
Қатысушылар екі кезеңнен өткет болатын: зияткерлік викторина және "Супер-тағам" аспаздық баттлы. Отбасылар алдын ала таңдалған ингредиенттер жиынтығынан тағам дайындап, нәтижелерді кәсіби шеф-аспаз бағалады. Ол қатысушылармен пайдалы кеңестерімен бөлісіп қана қоймай, жаңа аспаздық тәжірибелерге шабыт берді.
Мұндай іс-шаралардың тәрбиелік маңызы зор, олар ұрпақтарды біріктіріп, салауатты өмір салты туралы тақырыпты балаларға түсінікті әрі жақын етеді. Отбасылық мерекелерде қатысу арқылы балалар тек пайдалы білім алып қана қоймай, сонымен қатар ынтымақтасуға, түсіністікке және жауапкершілікке үйренеді. Біз үшін мұндай оқиғалар отбасы институтын нығайту мен салауатты өмір салты құндылықтарын насихаттауға бағытталған жүйелі жұмыстың айырылмас бөлшегі болып табылады. Бәз жақсылық, қамқорлық пен отбасы бірліктігін насихаттайтын бастамаларды қолдауға қуаныштымыз, - деп бөлісті Астана қаласы әкімдігінің Әдістемелік орталығы бөлімінің басшысы Анар Досмұхамет.
Қатысушылар да өз пікірлерімен бөлісті.
Баламыз қандай тағамдардың пайдалы екенін және бүкіл отбасымен таңғы ас ішу неліктен маңызды екенін ынтамен айтып берді. Біз бір-бірімізге уақыт бөлудің, бірге жаңа нәрселерді үйренудің және қарапайым, бірақ мағыналы істерде бір-бірімізді қолдаудың қаншалықты маңызды екенін сезіндік. Мұндай іс-шаралар күнделікті өмірді мән-мағынамен және жылулықпен толтырады, - деп ағынан жарылды Калиндар отбасысының мүшелері.