Астанада ДСМ мен Швеция елшілігінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің телеграм каналы жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Астанада Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі (ҚР) мен Қазақстандағы Швеция елшілігі өкілдерінің қатысуымен "Денсаулық сақтаудың болашағы: Швеция мен Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесін басқару бойынша тәжірибе алмасу" тақырыбына арналған дөңгелек үстел өтті. 

Іс-шараны Швеция Елшілігі мен Швецияның Business Sweden сауда және инвестициялық кеңесі Британдық-шведтік "АстраЗенека" биофармацевтикалық компаниясының қолдауымен ұйымдастырды. 

Дөңгелек үстелдің мақсаты Қазақстан мен Швецияның соңғы онжылдықтардағы денсаулықты сақтаудың негізгі бағыттары бойынша жинақтаған тәжірибесі мен білімін екіжақты алмасу болды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ДСМ баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы