21 Шілде 2024 2024, 18:07
Фото: Dimashnews.com
Астанада Димаш Құдайбергеннің жеке концерті өтеді
Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайберген Астанада жеке концертін өткізетінін хабарлады.
Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайберген Астанада жеке концертін өткізетінін хабарлады.
Әнші әлеуметтік желіде жанкүйерлерін концертке шақырып, бейнеүндеу жариялады.
Құрметті достар! Дүйсенбі, 22 шілдеде Димаш Құдайбергеннің Астанада өтетін STRANGER атты жеке концертіне билеттер сатылымға шығады. Шоу 13 қыркүйекте «Астана Арена» стадионында өтеді, - делінген хабарламада.