Астанада Денис Тенді еске алуға арналған халықаралық турнир өтеді

Астанада 2024 жылғы 3-5 қазан аралығында ҚР Туризм және спорт министрлігінің қолдауымен «Барыс Арена» спорт кешенінде мәнерлеп сырғанаудан «Denis Ten Memorial Challenge 2024» V Халықаралық турнирі өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Турнирге 31 елден 120-ға жуық спортшы қатысады, атап айтсақ, қатысушылар қатарында Диас Жиренбаев (Қазақстан), Даниэль Грассль (Италия), Анастасия Губанова (Грузия), Старр Эндрюс (АҚШ), Алекса Ракич (Канада), Йе Куан және Ханна Лим (Оңтүстік Корея) және басқалары бар.

Жарыс жеке конькимен сырғанау, сондай-ақ мұз биі бойынша жасөспірімдер мен ересектер санаттарында өтеді.

Арнайы шақырылған қонақтар арасында Германия, Грузия және Канаданың мәнерлеп сырғанау федерацияларының президенттері де бар.

Турнирді «Денис Тен қоры» қоғамдық қоры ұйымдастыруда, бас демеуші «Самұрық-Қазына» АҚ, сонымен қатар Астана қаласының әкімдігі және «Sportqory» спортты қолдау қоры қолдау көрсетуде.

Жарыс кестесі ұйымдастырушының @denistenfoundation ресми аккаунтында жарияланады. Көрермендерге кіру тегін: 3-4 қазанда сағат 11.00-ден 20.00-ге дейін. 5 қазан күні сағат 19.30-да марапаттау рәсімі мен гала-шоу өтеді.

Гала-шоуға билеттерді Барыс Арена кассасынан, сондай-ақ Тикетон, Zakazbiletov, Yandex Афиша сайттарынан сатып алуға болады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы