Астанада демалыс күні жәрмеңке өтеді
Елордада 15 және 16 ақпанда кезекті қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Астана әкімдігіне сілтеме жасап.
Жәрмеңкеде Қазақстанның түрлі өңірлерінен жергілікті фермерлер мен өндірушілердің өнімдері ұсынылады. Қала тұрғындары мен қонақтары көкөністер мен жемістерді, ет, ұн және сүт өнімдерін, кондитерлік өнімдерді, табиғи шырындарды және т.б. сатып ала алады, - делінген әкімдік хабарламасында.
Іс-шара 15 және 16 ақпанда сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін Нұрғиса Тілендиев даңғылы, 12а мекенжайындағы «Koktal» сауда-ойын-сауық орталығында өтеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматы облысында бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
Келесі жаңалық
Астанада ескі вокзалда қатты жарылыс болды
Өзгелердің жаңалығы