Астанада демалыс күндері өтетін ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінің орны ауысады

Жуырда елорда мен өңірлердің тауар өндірушілерінің қатысуымен өтетін ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі Астанада өз жұмысын қайта бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алайда өтетін орны өзгереді. Жаңа орын туралы қосымша хабарланады. Айта кетейік, жәрмеңкеге елордалық және өңірлік тауар өндірушілер қатысады.

Астанада Б.Соқпақбаев көшесі, 21 мекенжайында орналасқан қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтетін жерінің өзгеруіне байланысты жабылады

Естеріңізге сала кетейік, 29 маусымнан бастап Астанада Бейбарыс Сұлтан көшесінің бойында күн сайын жаңа ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. «Рио-де-Жанейро» ТК (Бейбарыс Сұлтан көшесі, 23) қарама-қарсы орналасқан жаңа жәрмеңке келушілер үшін күн сайын сағат 9:00-ден 20:00-ге.дейін жұмыс істейді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты
Өзгелердің жаңалығы