Кеше 2026, 14:40 Фото: gov.kz

Астанада Дарын Мубаров діни материалдарды заңсыз таратқаны үшін жауапқа тартылды

Заңды бір жыл ішінде қайталап бұзу 865 мың теңге айыппұлға әкеп соқты.

Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы діни материалдарды заңсыз таратқаны үшін «уағызшы» деп аталатын Дарын Мубаровты жауаптылыққа тартты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Айта кету керек, бұған дейін, 2025 жылғы қазанда ол осындай әрекеті үшін жауаптылыққа тартылған болатын. Осылайша, азамат бір жыл ішінде заң талаптарын қайта елемеді.

Осы факт бойынша ДІБ қызметкерлері ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтуралы Кодексінің 490-бабы 8-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама жасады. Сот шешімі бойынша Д.Мубаров әкімшілік құқық бұзушылықты қайта жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оған 200 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жаза тағайындалды. Бұл бүгінгі күні 865 000 теңгені құрайды, - деп хабарлады Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы.

Еске салайық, бұған дейін депутат радикалды діни ағымдарға заңмен тыйым салуды талап етті.

Тағы оқи отырыңыздар:

ҚМДБ "әйелін шәкіртіне сыйға тартқан" имамға қатысты мәлімдеме жасады

Шетелде діни білім алып келгендерді бақылау қажет – дінтанушы

Жаңа Конституция жобасында дін, меншік және сыртқы саясат ережелері нақты көрсетілді