4 Қараша 2026, 02:34 Фото: BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

Астанада дәмханадан өрт шықты

Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.

Астананың Нұра ауданындағы Тұран даңғылында орналасқан дәмханалардың бірінде өрт болды. Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндірушілері жедел жетті.

Өрт сөндірушілер екі қабатты жеке ғимараттағы дәмхананың мангал аймағы үстіндегі төбе жабындысы мен желдету жүйесі жанып жатқанын анықтады.

Өрт 15 шаршы метр аумақта толық сөндірілді. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.