Астанада дәмхана өртенді

Елордалық өрт сөндірушілер "Бүркіт" дәмханасындағы өртті қысқа уақытта сөндіріп үлгерді. Ешкім зардап шеккен жоқ, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Потанин көшесі, 7 үй мекен-жайындағы "Бүркіт" дәмханасының өртенгені туралы мәлімет келіп түсті. Өрт сөндірушілер оқиға орнына 2 маусымда сағат 18:32-де аттанды, - делінген хабарламада.

Ғимараттың шатыры, төбенің кәрнезі және ішкі қабырғаларын қоса алғанда 150 шаршы метр аумақта, сондай-ақ үй шаруашылығына арналған сарайдың 20 шаршы метрі өртке оранған.

Өрт сөндірушілердің күшімен өрт сағат 19.24-те жойылды, - деп хабарлады Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы