22 Мамыр 2023 2023, 21:08 Фото: Астана қаласы әкімдігінен

Астанада бос жұмыс орындарына арналған жәрмеңке өтеді

Елорданың «Жастар» сарайында 24 мамыр күні жастарға арналған бос жұмыс орындарына арналған жәрмеңке ұйымдастырылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Елорданың «Жастар» сарайында 24 мамыр күні жастарға арналған бос жұмыс орындарына арналған жәрмеңке ұйымдастырылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

24 мамыр күні таңғы сағат 10:00-де «Жастар сарайы» ғимаратында (Астана қаласы, Республика даңғылы, 34) жастарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді. Іс-шарада келушілерге жастар үшін микрокредиттер, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары туралы, оның ішінде «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша ақпарат беріледі.

Толық ақпаратты мына телефон арқылы алуға болады: 8 700 956 98 10, 24-94-72.