Астанада бос жұмыс орындарын табуға болатын Telegram-бот іске қосылды

Елорда тұрғындарына ыңғайлы болу үшін «JUMYS TAP» Telegram-боты (@jumystap_bot) іске қосылды, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Боттың тегін мүмкіндіктері бос жұмыс орнын немесе қызметкерлерді табуға көмектеседі. Тіркелу бар болғаны 1 минутты алады.

Жұмыс іздейтіндер үшін:

Бос жұмыс орнын іздеудің ыңғайлы мүмкіндігі;
Жаңа жұмыс орындары туралы автоматты хабарламалар.

Қызметкер іздейтіндер үшін:

Бос жұмыс орындары жайлы хабарламаларды орналастыру;
Түйіндемеден жауаптарды және байланыстарды делдалдарсыз алу;
Толық күндік жұмысқа, тапсырма бойынша жұмысқа және тағылымдамалар үшін қызметкерлерді іздеу.

Бот жұмысы бойынша толық мәліметті call-орталыққа хабарласып алуға болады: +7 (707) 221 31-31. Жұмыс уақыты: дүйсенбіден сенбіге дейін сағат 10.00-ден 19.00-ге дейін.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Елорда әкімдігі
Өзгелердің жаңалығы