Астанада бос алаңда жаңа қоғамдық кеңістік ашылды

Елорданың Байқоңыр ауданында қала тұрғындарының демалуы үшін бос алаңға жаңа қоғамдық кеңістік жайластырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Салтанатты жағдайда Байқоңыр ауданында жаңа қоғамдық кеңістік ашылды. Ол Толстой мен Абыралы көшелерінің қиылысында бос жерде орналасқан.

Ойын алаңынан бөлек мұнда workout-аймақ және футбол алаңы жабдықталған. Ойын кешенінің аумағында жаңа асфальт пен тартан жабыны төселді.

Балаларға арналған салтанатты шарада аниматорлар мен кәсіби спортшылар өнер көрсетті.

Осы уақытқа дейін бұл жерде бос жерлер болған. Әкімдікке хабарласқаннан кейін, бір жарым айдан соң бізге осы алаң ұсынылды. Аудан әкіміне және оның командасына балаларға қуаныш пен күлкі сыйлағаны үшін үлкен алғыс айтқым келеді, – деді жергілікті тұрғын Раушан Исакова.

Мұнда балалар арасында футбол байқауы өткізіліп, нәтижесінде қатысушылар медальдармен және футбол доптарымен марапатталды. Сондай-ақ тұрғындарға ыңғайлы болу үшін жарықтандыру жүргізілді.

Естеріңізге сала кетейік, Байқоңыр ауданы бойынша жыл соңына дейін 117 (45 – жаңа, 72 – жөндеу-қалпына келтіру) аула аумағын абаттандыру жоспарланып отыр, қазір олардың 70-і толығымен аяқталды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: gov.kz
Өзгелердің жаңалығы