11 Тамыз 2026, 23:56

Астанада Бөгенбай батыр даңғылының бір бөлігі уақытша жабылады

Қозғалыс жолдың бір жолағымен екі бағытта ұйымдастырылады.

Астанада Бөгенбай батыр даңғылының Шоқан Уәлиханов көшесінен Сарыарқа даңғылына дейінгі учаскесінде орташа жол жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Осыған байланысты 11-31 тамыз аралығында аталған учаскеде көлік қозғалысы ішінара шектеледі. Қозғалыс жолдың бір жолағымен екі бағытта ұйымдастырылады.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге маршруттарын алдын ала жоспарлап, уақытша жол белгілері мен көрсеткіштерге назар аудару ұсынылады.