Астанада биыл 100 мың түп тал егілді

Елорданың бір тұрғынына көгалдандырылған алаң көлемі 14 шаршы метрден келеді, деп хабарлайды BAQ.KZ elorda.info-ға сілтеме жасап.

Астана қаласы мен маңайын көгалдандыру мәселесі күн тәртібінен түскен емес.

Осы жылдың басында президент бас қалада "жасыл қала" идеясын жүзеге асыруға айрықша тоқталып, нақты тапсырмалар берген болатын.

Осы тапсырманы жүзеге асыру мақсатында қала ішіндегі бос орындардың барлығы көгалдандырылуда. Сонымен қатар, көше бойларымен тұрғын үй кешендерінің маңайларына тал отырғызу жұмыстары жүргізіледі. Мәселен, биылдың өзінде елордада 100 мың түп тал отырғызылды.

Қаламызда көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүргізіліп келеді. Мәселен, өткен жылы 1 милиион жасыл желек егілді. Биыл да солай. Ал келер жылы абаттандыруды одан әрі арттыруды көздеп отырмыз. Алдағы жылда да жасыл желектің саны кем дегенде 1 миллионнан асатын болады, – дейді Астана қалалық Урбанистика орталығының директоры Елнар Базыкен.

Бас қаланы көгалдандыруға әкімдікпен бірге қала тұрғындары да атсалысады.

Қаламызды көгалдандыру жұмыстарына тек біз ғана атсалыспаймыз. Тұрғын үй кешендері, өнеркәсіпік және коммерциялық нысандар, сауда және бизнес оратылықтары жұмылдыралатын болады. Шаһарда өздігінен тал отырғызып, табиғатқа үлес қосатын тұрғындар да аз емес, – дейді Елнар Базыкен.

Бұл күнде жасыл желектерге жүргізілген талдау бойынша елорданың бір тұрғынына көгалдандырылған алаң 14 шаршы метрден келеді. Әкімдік өкілдері бұл көрсеткішті алдағы жылдары тұрғын басына шаққанда 19 шаршы метрге жеткізуді жоспарлап отыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ - архив
Өзгелердің жаңалығы