Астанада бірнеше жолаушылар автобусының жүріс бағыты өзгерді

2024 жылы 23 маусымда таңертеңнен бастап Астанада жол жөндеу жұмыстарының жүргізіліп жатуына байланысты бірнеше жолаушылар автобусының қозғалыс кестесіне өзгеріс енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ "City Transportation Systems" ЖШС баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Бүгін таңертеңнен бастап жол жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін № 4, 4А, 21, 32, 43, 50, 66, 84, 3, 19, 29, 29А, 40 бағдарларының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді. Сапарларыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз", делінген CTS хабарламасында.

Өзгерген қозғалыс сызбасымен мына арадағы суреттерден қарап таныс бола аласыздар.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Архив BAQ.KZ
Өзгелердің жаңалығы