22 Шілде 2025 2025, 08:54
Фото: Depositphotos.com
Астанада бірнеше жол учаскесі уақытша жабылады
Астанада Сығанақ көшесінде жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты бірқатар учаскеде көлік қозғалысы шектеледі.
Астанада Сығанақ көшесінде жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты бірқатар учаскеде көлік қозғалысы шектеледі. Бұл туралы қала әкімдігінің Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
25 шілдеге дейін келесі учаскелерде қозғалыс толығымен жабылады:
- Қабанбай батыр даңғылынан Қазақ радиосына дейін;
- Қазақ радиосынан Сауран көшесіне дейін.
Қала тұрғындары мен қонақтарына жол кептелістерін болдырмас үшін бағыттарын алдын ала жоспарлауға кеңес беріледі.