26 Тамыз 2023 2023, 15:48

Астанада бірнеше қоғамдық көліктің жүріс бағытына өзгеріс енгізілді

26 тамыздан бастап Астанада бірнеше қалалық қоғамдық көліктің қозғалыс бағытына өзгеріс енгізіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

26 тамыздан бастап Астанада бірнеше қалалық қоғамдық көліктің қозғалыс бағытына өзгеріс енгізіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

№ 24, 24Н, 31, 121 маршруттағы қоғамдық көліктердің жүріс бағыты Қордай көшесі бойынша Мұстафа Шоқай көшесі бағытындағы "Кернай" ТК аялдамасына дейін ұзартылатын болады.

Шұбар ықшам ауданы мен №66 мектеп арасындағы байланысты қамтамасыз ету мақсатында № 121 автобус "Министрліктер үйі" аялдамасына кіретін болады. №41 автобус "Промышленный" тұрғын үй алабына дейін баратын болады. №52 мектеп бағытында қатынайтын № 28 автобус "Айнакөл" көшесіне кіретін болады, - деді Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі