Астанада бірнеше көше жөндеуге жабылды

Жөндеу жұмыстарына байланысты Астананың бірнеше көшесінде көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қала әкімдігінің мәліметінше, Тұран даңғылы мен Достық көшесінің қиылысында 26 және 27 тамызда көлік қозғалысы мүмкін болмайды.

26 тамыз бен 31 тамыз аралығында Республика даңғылы бойындағы Тәшенов көшесінен Иманов көшесіне дейінгі бөлікте көлік қозғалысы жартылай жабылды.

26-31 тамыз аралығында орташа жөндеуге Достық көшесінен Сығанақ көшесіне дейінгі аралықта Түркістан көшесі жабылды.

Қала билігі астаналықтар мен елорда қонақтарынан қозғалыс бағдарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов
Өзгелердің жаңалығы