Астанада бірнеше көше жөндеуге жабылады

Астана қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Мәңгілік Ел даңғылы мен Сарайшық көшесінің қиылысындағы көлік айрығында жол төсеміне жөндеу жұмыстарының жүргізілетінін мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қозғалыс 26-29 шілде аралығында толығымен жабылады. Бұл ретте автокөлік құралдарының қозғалысы оң жағымен бір бағытта ғана жүзеге асырылатын болады ("Марал" көпірінен Мәңгілік Ел даңғылына қарай).

Тәуелсіздік даңғылынан Р.Қошқарбаев даңғылына дейінгі учаскеде Б. Момышұлы даңғылындағы жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстарының жүргізіледі.

Осыған байланысты, 27-29 шілде аралығында жоғарыда аталған учаске толығымен жабылады.

Сондай-ақ осы жұмыстар шеңберінде 28 шілде күні (бір күнге) Тәуелсіздік даңғылы мен Б.Момышұлы даңғылының қиылысын жабу жоспарлануда.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Архив BAQ.KZ
Өзгелердің жаңалығы